Ұлыбритания: Грета Тунбергке ескерткіш орнатылды

Экобелсенді Грета Тунбергтің құрметіне Ұлыбританияда ескерткіш орнатылды. Қоладан соғылған мүсін Англияның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Винчестер университетінің аумағында пайда болды.

Мүсінді орнату үшін білім беру мекемесі 24 мың фунт стерлинг (шамамен 14 миллион теңге) жұмсады.

Басылым атап өткендей, университет студенттерінің көбісі әкімшіліктің шешімін жылы қабылдамады. Студенттер одағының төрағасы Меган Боллдың айтуынша, осы қаражатты коронавирус пандемиясына байланысты онлайн-форматта оқуға мәжбүр болып отырған студенттерді қолдауға жұмсаған жөн болушы еді.

«Біз университет басшылығынан ескерткіш орнатуға жұмсалған қаражаттың дәл сол сомасын студенттерге қосымша көмек ретінде берілуін сұраймыз», — деп мәлімдеді ол.

Сол арада, басшылық ескерткішті орнатуға студенттер мен білім беру мекемесінің қызметкерлерін қолдау қорынан қаражат жұмсалмағанын айтады.

Добавить комментарий