Жапония премьер-министрі Фумио Кисида мен Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздер жүргізді, соның барысында екі елдің қарым-қатынастарын «ерекше жаһандық әріптестік» деңгейіне шығару туралы келісімге қол жеткізілді.
Бұл туралы Жапония Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесінде айтылды. Лидерлер Жапония мен Украина арасындағы өзара іс-қимылдың зор әлеуетін атап өтіп, Тайвань бұғазындағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызды екенін айтты.
Сондай-ақ олар КХДР-ның ядролық бағдарламасын айыптап, Үнді-Тынық мұхиты және Еуро-Атлант аймақтарындағы қауіпсіздік мәселелерінде беріктігін растады.
Фумио Кисида Киевке сапары барысында Владимир Зеленскийді бейнебайланыс арқылы Үлкен жетіліктің саммитіне қатысуға шақырды.
Жапония биыл Үлкен жетілік тобына төрағалық етіп, мамыр айында Хиросимада саммит өткізеді. Еске сала кетейік, аталған қалаға 1945 жылы америкалық атом бомба түскен.