Жапония мен Ресей арасындағы қайшылықтар: Кисида жапондық ҮЕҰ-ның жағымсыз деп танылуын сынға алды

Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Ресей билігінің «Тисима және Хабомаи аралдары тұрғындары одағы» үкіметтік емес ұйымының (ҮЕҰ) қызметін жағымсыз деп тану туралы шешімін сынға алды.

Сейсенбі күні жапондық үкімет басшысы аталған ҮЕҰ басшылығымен кездесті.

Кисида «біржақты және мүлде қате шешімге» наразылығын білдірді, деп хабарлайды Kyodo агенттігі.
Сәуір айының соңында Жапония үкіметі ресейлік тарапқа дипломатиялық каналдары арқылы «Тисима және Хабомаи аралдары тұрғындары одағын» жағымсыз ұйым деп танылуына байланысты ескерту жолдаған.

Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы 21 сәуірде «Тисима және Хабомаи аралдары тұрғындарының одағы» жапондық үкіметтік емес ұйымының қызметін РФ аумағында жағымсыз деп танылғанын жариялады. Ұйымның қызметі «Ресей Федерациясының аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған» және Ресейдің «конституциялық құрылыс және қауіпсіздік негіздеріне» қауіп төндіреді деп аталып өтті. Хабарламада аталған ұйымның мақсаты «Ресейден елдің аумағының бір бөлігін (Кунашир, Итуруп аралдары және Кіші Курил қыраттары) тартып алу» болып табылатыны айтылған.

Добавить комментарий