Алматы қалалық ІІБ Алматы қаласындағы көлік жөндеу орталығының клиенттерінің біріне мас күйінде төбелес шығарып, пышақтап кеткен қылмыскердің ұсталғаны туралы хабарлады.
Жамбыл облысынан Алматыға келген бұзақы ондаған адамның көз алдында көлік жөндеу орталығының клиентіне пышақпен шабуыл жасады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны бірден тыныштандыра алмады. Қылмыскер олардан қашуға тырысты.
«Ары-бері жүріп әр адамға тиісіп: «Менімен кім төбелеседі, кім батыл?» деп айқайлады. Сосын мына жігітпен төбелесе кетті: оны пышақтап, жол бойына қашып кетті», — дейді көлік жөндеу орталығының әкімшісі Нұрлан Сәрсенов.
Жарақатпен зардап шеккен адам жедел түрде ауруханаға жатқызылды. Тәртіп сақшылары бұзақыны ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Шабуыл жасағаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Бұзақылық ниетпен алкогольдік ішімдікті ішкен ер адам көлік жөндеу орталығының клиенттерінің бірін пышақтады, оны шұғыл түрде ауруханаға жатқызды. Күдікті — Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды», — дейді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.