Қостанайда астыртын казино анықталды

Қостанай қаласындағы дәмханалардың бірінде ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері астыртын казиноны анықтады.

Заңсыз ойын мекемесінде покер ойынына арналған кәсіби үстел, фишкалар, карталар мен қолма-қол ақша табылып, тәркіленді, — деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.

Сот үкімімен жасырын покер клубының ұйымдастырушылары мен сыбайластары кінәлі деп танылды. Оларға екі жыл үш ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алынған заттай дәлелдемелер жойылды.

Добавить комментарий