Жамбыл облысындағы алапат өрт: 300 гектар таулы аумақты қызыл жалын шарпыды

Жамбыл облысында алапат өрт шықты. Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ (Аспара-Меркі орман шаруашылығы) аумағында таулы аумақта аумағы 300 гектар жерді өрт шалды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен қызметкерлері құрғақ шөп өртін сөндіруге бар күш-жігерін салуда, бірақ күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.

Бақытымызға орай, елді мекендерге қауіп жоқ және зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. ТЖМ тікұшағымен аэровизуалды тексеру жүргізуде, ал өрт сөндіру жұмыстары басталғалы Казавиаорманкүзетінің авиациясы өрт ошақтарына әуеден 13 рет шамамен 19,5 тонна су төкті.

Өртті сөндіруге Қазорманавиакүзетінің, жергілікті атқарушы органдардың және Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдарынан 270 адам, 36 бірлік техника, авиация жұмылдырылды.

Бұған дейін 200 гектар алқапта құрғақ шөп өртенгені туралы хабарланған болатын, алайда өрт жайылып, енді мамандар қызыл жалының одан әрі таралуына және оны толық жоюға бар күш-жігерін салуда.

Добавить комментарий