Жамбыл облысында саперлер 400 келі оқ-дәрі фрагменттерін жойды

Жамбыл облысында инженерлік-саперлік бөлімшелердің мамандары оқ-дәрі фрагменттерін жоюға жұмылдырылды.

Жамбыл облысының Байзақ ауданында бір күнде 400 келі оқ-дәрі фрагменттері жойылды.

Оларды әскери бөлімнің аумағынан кезең-кезеңімен шығаратын болады. Оқ-дәрілердің фрагменттерін жару жұмыстары таулы жерлерде, елді мекеннен шамамен 12 шақырым жерде жүргізілуде, сондықтан жергілікті тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Мамандар әрбір жарылысты бақылайды, алұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен процессті жоғарыдан бақылайды. Екі жарылыс түске дейін, тағы төртеуі түстен кейін болды. Қирандылар мен зардап шеккендер жоқ. Жарылыс учаскесі қоршалған.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі оқ-дәрі фрагменттерін жою бойынша жұмыстар күн сайын дүйсенбіден бастап жұма аралығында ағымдағы жылғы 13 қарашаға дейін жүргізілетінін хабарлаған болатын.

Фрагменттерді жоюмен инженерлік-саперлік бөлімшелердің 20-дан астам маманы жұмыс істеп жатыр

Бүгін төрт жүз келі оқ-дәріден фрагменттерінің бірінші партиясы жойылды.

«Жұмыстар жергілікті атқарушы органдармен келісілді. Халықты да алдын ала хабардар етті. Әр жарылыстан кейін оқ-дәрілер фрагменттері қалмауы үшін арнайы тексеру жүргізіледі, бұл міндетті процесс. Барлық қажетті жағдайлары бар алаңдар, жабдықталған алаңдар дайындалды», — деді әскери бөлім командирі Еркін Әбсадықов.

Байзақ ауданында 26 тамызда болған жарылыстардан зақымданған нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қайнар ауылында 19 үйдің бесеуінде жөндеу жұмыстары осы аптада аяқталады. Үй иелеріне уақытша баспана берілді.

«Олар уақытша арнайы шатырларда орналасқан. Балалар қаладағы арнайы лагерьде. Үшбұлақ пен Жібек жолында 100% жұмыс аяқталды. Қайнар ауылында жұмыстар 80-85%-ға аяқталды. Байзақ ауданында қалпына келтіру жұмыстарын қазан айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», — деді Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаилов.

Добавить комментарий