Қазақстанда пойыздардың жүру жиілігі артады. Мысалы, Нұр-Сұлтаннан Алматы мен Өскеменге баратын жолаушы вагондарының құрамы күн сайын қатынайтын болады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 1-2 қарашада № 4/3 Нұр-Сұлтан — Нұрлы жол — Алматы-2 пойызы күнделікті қатынайтын болады. Жаңа кесте бойынша пойыз Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан 1 қарашада, Алматы-2 станциясынан 2020 жылғы 2 қарашада аттанады. Сондай-ақ, 1-2 қарашадан бастап Нұр-Сұлтан — Нұрлы жол — Өскемен-1 бағытындағы № 68/67 пойызының күнделікті жүруі басталады. «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» станциясынан пойыз 2020 жылдың 1 қарашасында, Өскеменнен 2 қарашада аттанады.
Жолаушылар поездарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша алуға болады.