Жамбыл облысында әскери бөлімнің қоймаларында болған жарылыс кезінде 4 адам қаза тапты.
Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев брифинг барысында мәлім етті.
«Өкінішке қарай, жарылыс салдарын жою кезінде төрт әскери қызметкер қаза болды. Үшеуімен байланыс орнату мүмкін болмай отыр», — деді Ермекбаев жұма күні өткен брифингте.
Сонымен қатар, қайтыс болғандардың арасында мерзімді қызметтегі сарбаздар жоқ екенін айтты.
Еске сала кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылып, кейінірек қорғаныс министрлігі алты жарылыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бастаған комиссия аттанды. Жарақат алған адамдар Тараз қаласының ауруханасына жеткізілуде.
Тараз маңындағы әскери бөлімде болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жарылысқа байланысты бірнеше бағыт бойынша теміржол қозғалыс жабылды, пойыздар тоқтап тұр. Алматы-Ташкент-Термез автожолында қозғалыс шектелді
26 тамызда түнге қарай Қорғаныс министрлігі зардап шеккендердің 12-сі әскерилер екенін хабарлады.