Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы: батыстық саясаттанушылардың пікірі

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан көптеген елмен ынтымақтаса алатын бәсекеге қабілетті мемлекетке айналды. Қазіргі таңда ҚР Орталық Азия елдері арасында ең тұрақты және экономикасы қуатты мемлекет болып есептеледі.

«Мәскеудің Орталық Азия аймағында үстемдік еткісі келетіні жасырын емес және ҚР-ның бірте-бірте Ресей ықпалынан шығып, жеке дара ел болуға деген ұмтылысын мойындау қиынға соғуда», — деп жазады саясаттанушылар.

Мәскеу үшін Батыспен геосаяси қақтығыста өзіне қолдау білдіретін Қазақстан және посткеңестік елдердегі одақтастарын сақтап қалу маңызды. «Кремль дипломатиялық қарым-қатынасы нашарлағанына байланысты әскери қуатын көрсетіп, ықпал ету үшін кез келген мүмкіндікті қалт жібермейді. Мәселен, Мәскеу өз ықпалымен ЕАЭО-ға мүше елдермен бірлесіп батыс елдеріне қарсы ұжымдық санкция әзірлеп, енгізуге бастамашылық жасайды.

Фото: Мәскеу үшін Батыспен геосаяси қақтығыста өзіне қолдау білдіретін Қазақстан және посткеңестік елдердегі одақтастарын сақтап қалу маңызды

Кремль Қазақстандағы ұлтшылдық пен ксенофобияны қатаң сынға алады. Батыс сарапшылар мұнымен келіспейді. «Ұлтшылдар — демократияның ажырамас бөлігі. Қазақстанда Ресейге қатысты саясат жүргізетін ресми тұлғалар русофобтық пікір білдірмеген, оның үстіне Қазақстан билігі әрқашан орыс халқы мен орыс тіліне құрметпен қарайтынын айтады», — деп жазды шетелдік саясаттанушылар.

Фото: Мәскеу үшін Батыспен геосаяси қақтығыста өзіне қолдау білдіретін Қазақстан және посткеңестік елдердегі одақтастарын сақтап қалу маңызды

«Мәскеу осы саясатты жалғастыры, Орталық Азия елімен қарым-қатынасын шиеленістіруде. Мәселен, Ресей билігі Қазақстанда жүрген ресейліктің жалған мәлімдемесін тексермей, елде орыс тілді азаматтарға қысым жасалды деп айыптады. Бұл жаңалықты ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Бір қызығы, бұл оқиға РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстандағы орыс тілді азаматтарға қатысты ксенофобия куә болып отырмыз деген мақаласы шыққан соң орын алды. Айта кету керек, Қазақстанның тәртіп сақшылары бұл жағдайды тез шешті. Желіде Котовтың жанұясы қайда тұратыны туралы ақпарат пайда болғаннан кейін, ол өз мәлімдемесінен бас тартты. Қазақстан ІІМ Котов өз еркімен жұмыс істегенін және құлдықта болмағанын хабарлады», — деп түсіндірді батыстық саясаттанушылар.

Добавить комментарий