Жамбыл облысы: Мемлекеттік шекараны бұзушылар ұсталды

Жамбыл облысында шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзушылар ұсталғанын хабарлады.

«22 қазанда «Жасөркен» шекара бөлімшесінің учаскесінде бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мен ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына Мемлекеттік шекараны бұзған төрт шетелдік азаматты ұстады», — деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Осы факт бойынша құзыретті органдар жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Добавить комментарий