Жаңаөзенде мұнай-газ саласында жұмыс істеуді талап еткен 17 адам ұсталды

Жаңаөзен қаласында полиция қызметкерлері наразылық акциясын өткізіп, мұнай-газ саласына жұмысқа орналасуды талап еткен он жеті адамды ұстады. Артынан олармен прокуратура мен әкімдік қызметкерлері профилактикалық әңгіме өткізіп, босатты.

Бұған дейін, әкімдік ғимаратының алдында қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы ақпарат тіркелген болатын, бұл наразылық білдірішерді ұстауға себеп болған. Ескертулерге қарамастан, наразылық акциясына қатысушылар ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабын бұзып, бейбіт наразылықты жалғастыруға ниетті екендіктерін мәлімдеді.

Осыған байланысты полицейлер тәртіп бұзушыларды Полиция басқармасына жеткізді, алайда профилактикалық шаралар жүргізілгеннен кейін оларды үйіне жіберді.

Добавить комментарий