
Украинаның Қорғаныс министрлігі «Азовсталь» зауытынан қанша әскерилер шығарылғанын айтты.
Ведомство украиналық сарбаздарды РФ-ның тұтқындарымен алмасатынын айтты.
Қорғаныс министрлігі басшысының орынбасары Анна Маляр Мариупольдегі «Азовсталь» комбинатының аумағынан ауыр жарақат алған 53 әскери Ресейдің бақылауындағы Новоазовскідегі медициналық мекемеге, тағы 211 адам — гуманитарлық дәліз арқылы Оленевкаға жеткізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Facebook-те хабарлады.
«Олар тұтқындарымен алмасу рәсімі арқылы йлеріне қайтарылады», — деді ол.
Сондай-ақ, министрдің орынбасары «Азовсталь» аумағында қалған әскерилерді құтқару шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, Украина билігінің «Азовстальді» әскери жолмен қайтаруға мүмкіндігі жоқ.