Жаңаөзенде азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша комиссия құрылды

Жаңаөзенде жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша облыстық комиссия жұмысын бастады. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай: «Бүгін, 8 ақпанда, облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мұнай-газ саласындағы ұйымдарға жұмысқа қабылдау алгоритмінің толық ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылды.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардан басқа Жаңаөзен қаласындағы жұмыссыздар қатарынан бастамашыл топ өкілдері де кірді.

Комиссияның негізгі мақсаты-бастамашыл топтың белсенділерімен бірлесіп, мәселені шешу жолдарын қарастыру және екі жаққа да қолайлы оңтайлы шешімге келу», — делінген хабарламада.

 

Добавить комментарий