
Алматы қаласы Алатау ауданындағы инфекциялық модульді госпиталь 2020 жылғы сәуір айынан бері жұмыс істеп келеді. Бұл И.С. Жекенова атындағы жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы.
Сол жерде жұмыс істейтін дәрігерлер COVID-9 қарсы вакцина алған, әр 14 күн сайын ПТР-тестін тапсырады.
Госпиталь шулы магистральдардан алыс орналасқан. Оның аумағына бөгде адамдардың кіріп-шығуына қатаң тыйым салынады. Аурухананы күзетшілер күзетеді.
«Госпиталь 280 орынға есептелген. Бізде 28 реанимациялық төсек-орын бар. Қазіргі таңда 21 науқас жансақтау бөлімінде аса ауыр халде жатыр», — дейді реаниматолог дәрігер Дәурен Зиабеков.
Жансақтау бөлімінің меңгерушісі Ерболат Әбдкереев журналистің COVID-19 қарсы вакцина салдырған адам ауруханаға жатқызыла ма және олар індетті қала өткереді деген сұрағына былай деп жауап берді:
«Бізге вакцина салдырғаннан кейін коронавирус жұқтырған науқастар келеді, бірақ олар ауруды жеңіл өткереді. Олардың ішінде ешкім қайтыс болмады. Вакцинация — аурудың ауыр ағымын болдырмаудың бір жолы. Әрине, ДДСҰ ұсынғандай, бетперде тағу, антисептикпен қолды өңдеу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет. Салауатты өмір салтын ұстанып, иммунитетті көтеруге кеңес береміз».