Жаңа вирус Түркияға жетті: маймыл шешегі тіркелді

Түркиялық БАҚ маймыл шешегінің алғашқы жағдайы тіркелгенін жариялады, Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау министрі Фахреддин Коджа әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Науқастарымыздың бірінен маймыл шешегі анықталды. Науқа 37 жаста, оның иммундық жүйесі нашарлаған. Дәрігерлер оны қарап шықты. Бұл ауру ауа арқылы емес, тығыз физикалық байланыста болғанда ғана беріледі», — деді Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреддин Коджа.

Сарапшылардың айтуынша, маймыл шешегі 12 есе жылдам мутацияланады. Ал мұндай жылдамдық оны вирустың алдыңғы штаммдарына қарағанда әлдеқайда жұқпалы етеді.

Добавить комментарий