Жаңа оқу жылын толыққанды режимде өтеді деп жоспарлануда

Қазақстан Президенті толыққанды режимде өтеді деп жоспарланып отырған жаңа оқу жылына дайындықты қазірден бастау қажет екенін мәлімдеді.

«Қасым-Жомарт Тоқаев биыл дәстүрлі форматта өтетін жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын қазірден бастап қолға алу қажет екенін айтты. Оның айтуынша, көптеген білім ордалары бір жылдан астам уақыт толыққанды жұмыс істемеді. Бұл ретте, Мемлекет басшысы университеттердің, мектептер мен балабақшалардың инфрақұрылымдарының дайындығын, сонымен қатар оқытушылар мен тәрбиешілер штатының жасақталу деңгейін тексеруді тапсырды», — делінген Президент сайтындағы жарияланымда.

Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «енді білім жүйеміз, оның ішінде балалар қашықтан оқуға шыдамайды» деп мәлімдеген болатын. БҒМ басшысы республикалық педагогикалық кеңесте барлық мұғалімдерді коронавирусқа қарсы екпе алуға шақырды.

Добавить комментарий