26 қаңтарда Алматыдағы ет шығаратын цехта жазатайым оқиға орын алды, 1981 жылы туған ер адамның қолы еттартқышта қалып қойды.
ҚР ТЖМ «Республикалық жедел-құтқару жасағы» ММ хабарлауынша, ер адам еттартқышқа ет салып жатқанда қолы қысылып қалған..
Оқиға орнына келген жеті құтқарушы ер адамның қолын еттартқыштан алып шықты. Психолог ер адамға психологиялық көмек көрсетті.
Құтқару операциясы аяқталғаннан кейін зардап шеккен адам дәрігерлерге тапсырылды.
2023 жылғы 24 қаңтарда Ақтөбе облысында газ жарылысынан төрт адам зардап шеккені хабарланған.