Түркияның Хатай провинциясында жер сілкінісінен кейін үйінділерді тазалау кезінде тағы бір қазақстандық Мирболат Құрмашевтың денесі табылды.
Іздестіру жұмыстарын Қазақстаннан келген құтқарушылар жүргізді.
«Үйінді жағдайындағы қозғалыс кезінде іздестіру барысында құтқарушылар алдын ала белгіленген іздестіру орнына қол жеткізу үшін барынша жедел түрде арнайы ойық жасады. Құтқарушылар кішкентай бос орындар арқылы ойықтың ішіне кірді. Бұл ретте құтқарушылар құрылымдық элементтердің қайта құлауын болдырмау үшін тосқауылдарда аз саңылаулар жасауға тырысты, үйіндіде қауіпті учаскелерді бекітті, үйінді бөлшектерін көтеріп, жылжытты», — делінген Қазақстан ТЖМ Telegram-арнасында.
Хабарланғандай, дүйсенбіге қараған түні Түркияда болған жер сілкінісі кезінде үш қазақстандық жоғалып кеткен. Олардың бірі — қазақстандық Сабина Мамадьярова тірі табылды. Тағы екеуі қаза тапты. Қазақстаннан келген құтқарушылар Әділ Қадырбековтің денесін тапқан.