Жүк көтергіш көлікпен қашпақ болған жүргізуші әкімшілік қамауға алынды

Түркістан облысының полицейлері мас күйдегі жүк көлік жүргізген жүргізушіні артынан қуып жүріп ұстады. Ер адам құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен жүк көтергіш көлікпен қашпақ болған.

«Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, ер адам орта дәрежедегі мас күйде болған», — деп хабарлады облыстық ПД.

Ол ҚР ӘҚБтК-нің 5 бабы бойынша жауапқа тартылды: 595-бабы (маневр жасау ережесін бұзу), 606-бабы (авариялық жағдай туғызу), 599-бабы (бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту), 613-бабы (заңды талапқа бағынбау) және 608-бабы “Масаң күйде көлік басқару”. Әкімшілік іс жүргізу үшін жинақталған материалдар жүргізушіні жауапкершілікке тарту үшін сотқа жолданды.

Әкімшілік соттың шешімімен Түркістан қаласының тұрғыны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға автокөлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Добавить комментарий