Алматы қаласында Солтүстік скверде орналасқан «Мың тамшы» субұрқағы қалпына келтірілді. Бұл қуанышты жаңалықты Алматы қаласы экология және табиғатты пайдалану басқармасының өкілдері хабарлады.
Сквер аумағында бетон плиткалары төселді, отандық өндірістің шойын тіректері мен шамдары орнатылды, суару жүйесі қалпына келтірілді, қосымша резервуар орнатылды.
Көгалдандыру жұмыстары барысында қарағай, каштан, сәндік арборвита, раушан және басқа да гүлдер отырғызылды. Реконструкциялау қаланың тарихи-мәдени мұрасының, оның ішінде «Мың тамшы» субұрқағының бейнесін сақтауды ескере отырып жүргізілді.

Фото: Алматыда Солтүстік скверді реконструкциялау аясында «Мың тамшы» субұрқағын қалпына келтірілді
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары барысында барлық құбырлар, саптамалар мен арматуралар ұзақ мерзімді пайдалану нәтижесінде істен шыққандығы анықталды. Коррозия нәтижесінде құбырларда ағын пайда болды, тұздардың тұндырылуы, бұл су саңылауларының бітелуіне әкелді.
Субұрқақтың гранит жабыны да қалпына келтіріліп, жарықтар мен ойықтар жойылды.
Мердігер ұйым екі жылға дейінгі мерзімге жүргізілген жұмыстарға кепілдік міндеттеме алатын болды.