ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Зерде» холдингін таратуды көздейтін қаулыға қол қойды.
2022 жылғы 5 тамызда ҚР Үкіметі «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі «АҚ-ны таратуды көздейтін қаулы қабылдады. Аталған құжат ҚР нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Биыл сәуір айында Қасым-Жомарт Тоқаев «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің тиімділігін жеткіліксіз деп танып, оны реформалау туралы тапсырма берген еді.
Келесі күні Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин холдингті таратуды ұсынды. Министрлік холдингтің рентабельсіздігін, «ҰАТ» АҚ-ның бюджеті мен қаржылық жағдайына тәуелділігін атап өтті.