Украина президенті Владимир Зеленский журналистерге, әсіресе Bihus.Info жобасының қызметкерлерін заңсыз тыңдау мен бейнетүсірілімге байланысты жүйелі түрде қысым көрсетуде деген айыптауға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол 17 қаңтардағы кешкі бейнеүндеуінде жариялады.
«УҚҚ журналистерген қатысты жағдай бойынша, атап айтқанда, оларды аңду дерегі бойынша тергеуді бастады. Біз барлық мән-жайлар анықталады деп күтеміз. Журналистерге қандай да бір қысым жасауға болмайды», — деп атап өтті президент.
Бұған дейін Украинаның Қауіпсіздік қызметі (ҰҚҚ) Bihus.Info қызметкерлерін заңсыз тыңдау және бейнетүсіру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. Ведомствоның ресми мәлімдемесінде тәуелсіз және кәсіби БАҚ-тың еш кедергісіз жұмысы Украинаның демократиялық дамуы үшін басты шарт болып табылатыны атап өтілген.
Желіде Bihus.Info қызметкерлері жаңа жылдық корпоративте есірткі қолданғаны көрінетін видео белсенді түрде талқыланып жатыр. Видеоны таратып жатқан белгісіз «Народная правда» ресурсы.
Bihus.Info жобасының негізін қалаушы Денис Бигус видеода журналистер емес, операторлар екенін растады. Ол командада қатаң кадрлық тазарту жүргізілетінін айтты. Дегенмен, Бигус команда мүшелері бір жылға жуық бақылауда болғанын және камераларды белгісіз қызмет өкілдері қала сыртындағы кешенде орнатқанын хабарлады.
Еске салайық, бұған дейін The Wall Street Journal әлемдегі ең бай адам Илон Маск жабық кештерде есірткі пайданалған туралы хабарламалар таратылған болатын, бизнесмен оны жоққа шығарды.