Нұрлан Нығматулин: «Covid-19 жұқтырған дәрігерлер өтемақы алмады»

Белгілі болғандай, Nur Otan фракциясының депутаттары Қазақстан премьер-министріне Covid-19 жұқтырған дәрігерлерге ақшалай өтемақыны уақытылы төлемеу туралы сұрау салған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 30 наурызда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қаржылай қолдау көрсетуді тапсырды:

2 млн теңге көлемінде — медицина қызметкерлері Covid-19 жұқтырған жағдайда;

10 млн теңге көлемінде — қайтыс болған дәрігерлердің отбасыларына

Депутаттар бұл мәселені қыркүйек айының басында көтерген болатын, бірақ содан бері жағдай онша өзгерген жоқ.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 қыркүйектегі жағдай бойынша 12 830 медицина қызметкері коронавируспен ауырған. Еңбек министрлігінің мәліметінше, осы күні Денсаулық сақтау министрлігінен барлығы 2475 өтініш келіп түскен, бұл науқастардың 19%-ын құрайды. Ал бір жолғы әлеуметтік төлемді 1830 адам немесе науқастардың жалпы санының 14,3% ғана алды.

Қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына төленетін төлемдер бойынша көрініс әлдеқайда нашар.

197 медицина қызметкері қайтыс болды, Денсаулық сақтау министрлігінен төлемге 38 өтініш келіп түсті, бұл 19,2% құрайды, ал төлемдер 25 алушыға жүргізілді, бұл қайтыс болғандардың жалпы санының 12,7%.

«Не себепті бес айдан астам уақыт ішінде министрліктен министрлікке қағазбастылық пен жауапкершілікті аудару жүріп жатыр? Жұмыскерлердің салғырттығынан ел Президентінің тапсырмасы сәтсіздікке ұшырайын деп тұр. Жоғарыда аталған мәселелер денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің іс-қимыл мен өзара әрекет алгоритмдерін уақытылы пысықтамауынан туындады деп есептейміз», — деп мәлімдеді мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин таяу арада отырысқа денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың шақырылатынын хабарлады.

«Ол есеп берсін. Жарты жылға жуық Президенттің тікелей тапсырмасы орындалмай жатыр. Мәселе неде? Медицина қызметкерлері ауыр жағдайда жұмыс істеді, бірінші қатарда болды. Біреудің денсаулығы нашарлап, біреулер қайтыс болды. Әлі күнге дейін орындалмады. Алдағы уақытта Nur Otan фракциясы министрдің шақыруымен мәселені қарайды», — деді Нұрлан Нығматулин.

Добавить комментарий