Хиросимадағы (Жапония) G7 саммитінде Украина президенті Владимир Зеленский мен ГФР канцлері Олаф Шольц кездесті
Бұл Шольц пен Зеленскийдің өткен аптадағы екінші кездесуі.
Украина президенті кеңсесінің хабарлауынша, саясаткерлер Украина президентінің 13 мамырдағы Германияға сапарының алғашқы нәтижелерін талқылады.
«Владимир Зеленский Украинаға жеткізіліп жатқан ГФР-ның әскери көмегіне алғыс айтты. Президент украиндық бейбітшілік формуласының пункттерін жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті», — делінген хабарламада.