ҚР СІМ Украина елшісіне наразылық білдірді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/08/speech-37138-1661273678-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Украина елшісі жақында блогерге берген сұхбатына байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Министрдің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаевтың Украинаның Қазақстандағы Елшісі Петр Врублевскиймен кездесуі өтті.

«Кездесу барысында Елшіге ү.ж. 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілді», — делінген хабарламада.

Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіндігі және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірді. Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс.

Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Украина елшісінің мәлімдемесін айыптаған болатын.

Еске салайық, жақында украиналық дипломат Петр Врублевский тілдік патрульдерді ұйымдастырушы Диас Құзайырға берген сұхбатында «орыстарды барынша көп өлтірсек, балаларымыздың қолы соғұрлым аз қанға малынады» деп мәлімдеген болатын.

Добавить комментарий