Украина президенті Владимир Зеленский батыс елдерін орыстардың Еуропаға кіруіне тыйым салатын заң қабылдауға шақырды.
Оның пікірінше, мұндай шара Ресей билігін Украинадағы соғыс қимылдарын тоқтатуға алып келеді, деп хабарлайды The Washington Post.
Финляндия премьер-министрі Санна Марин 8 тамызда журналистерге Ресей азаматтарына туристік визаны беруді шектеу керектігін айтып, Еуропалық Одаққа мүше барлық елдерге мұндай шара қабылдауды шақырды.
Дегенмен бұл шара РФ президенті Владимир Путиннің әрекетімен келіспегендіктен елден кеткен ресейліктерге қатысты әділ болмауы мүмкін
Зеленский елден не себептері шыққаны маңызды емес екенін атап өтті.
«Орыстар қандай пікірде болмасын… Ресейге барсын. Сонда ғана түсінеді. Олар: «Бұл соғыстың бізге ешқандай қатысы жоқ. Халықтың барлығын жауапкершілікке тартылмайды, солай емес пе? Мүмкін. Бірақ халық бұл үкіметті таңдады және билікке қарсы күресіп жатқан жоқ, онымен дауласып, оған қарсы шықпауда», — деді Украина президенті.
Зеленский сондай-ақ Ресейге қарсы салынған санкциялар ресейлік азаматтар үшін шекараның бір жылға жабу мен ресейлік энергия ресурстарын сатып алуға эмбарго жариялаудан салыстырғанда қатты ауыр емес екенін мәлімдеді.