Антониу Гутерриш: «Бұл жүз жылдағы ең ауыр экономикалық дағдарыс»

Пандемия салдарынан әлем соңғы жүз жылдағы ғасырдағы ең ауыр экономикалық дағдарысқа ұшырады. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш осындай пікір білдірді.

Бұл туралы ол Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда өткен виртуалды кездесу барысында мәлімдеді. Гутерриш COVID-19 адамдар мен елдер арасындағы теңсіздік, сондай-ақ климаттың өзгеруі мен биоалуандықты сақтау сияқты жаһандық мәселелердің беті ашылды деп есептейді.

Бұл ретте, бас хатшы 2021 жылы әлемнің пандемиядан қалыпқа келу мүмкіндігі бар деп санайды. Алайда бұл үшін үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен азаматтық қоғамдастықтың бірлескен күш-жігері қажет болады.

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

«Егер әлемдегі бүгінгі жағдайды сипаттайтын болсақ, онда мұны барлық орын алып жатқан оқиғаларды шытынау деуге болады. Бұл әсіресе пандемияның салдарында айқын байқалады. Екі миллионнан астам адам вирустың құрбаны болды және біз соңғы жүз жылдағы ең ауыр экономикалық дағдарыстамыз».

Добавить комментарий