Украина Президенті ел аумағындағы қарулы қақтығыс аяқталғаннан кейін Украинаны кім қалпына келтіруі керек екенін айтты.
Мәскеу Киевке репарация төлеуі керек, деп атап өтті Украина Президенті
Ол соғыс аяқталғаннан кейін елді қалпына келтіруге Ресей және Еуропа елдері атсалысу керек деп санайды. Бұл пікірді ол сейсенбі күні The Wall Street Journal газеті ұйымдастырған атқарушы директорлардың кездесуінде сөйлеген сөзінде айтты.
«Украинаны қалпына келтіру туралы және мұнымен кім айналысуы керектігі туралы айта келе, мен Ресей [бұған атсалысу] керек деп есептеймін», — деп мәлімдеді Зеленский, оның айтқан сөздері ағылшын тіліне аударылды. Ол Украинаның «бүкіл Еуропа үшін күресіп жатқанын» атап өтті.
«Осы тұрғыдан алғанда, бүкіл Еуропа елдері түсіністік танытып, еліміздің, өнеркәсібіміздің қалпына келуіне көмектесіп, сондай-ақ, әрине, біздің нарыққа келуге тиіс деп сенемін», — деп жалғастырды Зеленский. Украина президенті «Ресей Украинаға репарация төлеуі тиіс» деп мәлімдеді. «Біз мұны анық түсінеміз», — деп ол, Киев «батыс елдері тарапынан тиісті белгіні байқағанын» атап өтті.
Бұған дейін Зеленский соғыс аяқталғаннан кейін елге жүздеген миллиард доллар қаржылай қолдау қажет болатынын мәлімдеді, ал Украина премьері Денис Шмыгаль әлеуетті қолдаудың сомасы $600 млрд болады деді. Олардың пікірлері Дүниежүзілік банк (ДБ) ұйымдастырған дөңгелек үстелде бейнеконференция режимінде сөйлеген сөздері барысында айтылды, оған сондай-ақ ДБ президенті Дэвид Мэлпас пен Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева қатысты.