Нұр-Сұлтан филармониясының қазақ оркестрі концерттік маусымның басталғанын жариялады

Нұр Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі кезекті концерттік маусымы ашылғанын жариялады.

Жаңа маусым ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Ұжым жаңа маусымда патриоттық шығармаларға көбірек көңіл бөледі.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі өзінің XXV концерттік маусымын ашты. Бұл концерттік маусым қазақ оркестрі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнайды. Сондықтан бағдарлама осы тақырыпқа ыңғайланып құрылды. Концертімізді Қазақстанның белгілі композиторы, аға буын композиторлардың бірі Мәкәлім Қойшыбаевтың «Қазақстан» атты симфониялық поэмасымен ашылды», — деді Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Айтқали Жайымов.

«Осы концертте орындалатын шығармалардың бәрі патриоттық сезімді оятатын, жастарға рух беретін, елге, туған жерге, ұлы тұлғаларға арналған шығармалардың топтамасы орындалды. Ұлттық өнерді сүйетін қауымның көбі концерт билетін сағынышпен алып жатқанына қуанып отырмыз», — деді Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің бас дирижеры Нұрлан Бекенов.

Добавить комментарий