Өзбекстанда «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы шығарылды

Өзбекстандық зауытта коронавирустық инфекцияға қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының бірінші партиясы шығарылды.

Препарат Алмалық қаласындағы (Ташкент облысы) Jurabek laboratories кәсіпорнында өндіріледі.

«Сапаны бақылауды тексеру үшін партияны Ресейге Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық ғылыми орталығына жіберілді.

Бұл қажетті процедура, ол барлық жерде өткізіледі. Қазір біз тексеру нәтижелерін күтіп отырмыз, содан кейін республикамызда толыққанды өндірісті жүзеге асыруға болады», — деп атап өтті Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық қызметінің басшысы Баходыр Юсупалиев.

Бірінші кезеңде вакцина Ресейден жеткізілетін шикізаттан жасалады. Жаңа зертхананың құрылысы басталды, соның арқасында Өзбекстанда өндірістің толық циклі жолға қойылады.

Добавить комментарий