Pfizer басшысы төрт екпе алғаннан кейін коронавирус жұқтырды

Америкалық фармацевтикалық корпорацияның атқарушы директоры Альберт Бурла коронавирус инфекциясына шалдықты. Оның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті.

«Мен Pfizer – BioNTech вакцинасының төрт дозасын алғандарыма ризамын, өзімді жақсы сезінемін, ауру белгілері қатты білінбейді. Мен өз-өзімді оқшауладым, Paxlovid препаратын қабылдай бастадым», — деп жазады Бурла.

Аталып өткендей, бұған дейін аталған препаратпен АҚШ президенті Джо Байден де емделген болатын.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, АҚШ-та пандемия басталғалы бері 92 млн-нан астам коронавирус жұқтырды және 1 млн-нан астам өлім жағдайы анықталды.

Добавить комментарий