Полиция қызметкерлері «ӨКП операторы» ЖШС-нің бұрынғы басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің неден қайтыс болғанын анықтап жатыр.
Нұр-Сұлтан полициясы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Елордалық полицияның мәліметінше, алдын ала болжам бойынша ол өзіне қол салған.
Ер адамның мәйіті табылған соң «Есіл» ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге жеткізу») бойынша қылмыстық іс қозғады, — деп хабарлайды Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.
Ведомствода нақтылағандай, қазір тергеудің толықтығы мен объективтілігі үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Руслан Шәмшиев 2021 жылдан бері «ӨКП операторы» ЖШС құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры болды.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері бұрынғы экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті ұстағаны хабарланған болатын.