Жасөспірімдер бірінші сынып оқушысын ұзақ уақыт зорлап келген. Белгілі болғандай, бала оқу жылы бойы жыныстық зорлыққа ұшыраған.
ҚҚ жетекшісі Дина Таңсәрі жаға ұстатарлық оқиға туралы баланың анасы білгенін айтты.
«Балам үйден шыққанда жоғары сынып оқушылары қараусыз қалған ғимаратқа апарып, әдепсіз әрекеттер жасауға мәжбүр еткен. Бұл басқа мектептердің балалары екен, ол бәрінің аты-жөнімен және қайда тұратынын біледі», — деді Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында.
Баланың ата-анасы бірден күдікті балалардың ата-аналарына барды. Олардың бірі ата-анасының көзінше істегендерін мойындады. Кейін жәбірленушінің ата-анасы полицияға арыз түсірді. Балалардың кәмелет жасына толмағанына байланысты жазаланбады. Тек ата-аналар жазаланады.
Қызылорда облысының полициясы зорлық-зомбылық фактісін растады.
ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігі «кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді дұрыс орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық іс Департамент басшылығының бақылауында.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 221-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпараттар жарияланбайды.