Магнитогорск басшысының орынбасары пара алғаны үшін ұсталды

Ресейде тәртіп сақшылары Магнитогорск қаласы басшысының орынбасарын пара алды деген күдікпен ұстады.

Хабарланғандай, Челябі облысында Магнитогорск қаласы басшысының орынбасары мен жергілікті муниципалдық кәсіпорын директоры 1,5 млн рубль көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы сейсенбі, 13 қыркүйек күні Ресей тергеу комитетінің Челябі облысы бойынша тергеу басқармасы мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, ұсталғандар қала аумағын тазалау мәселелері бойынша мемлекеттік келісімшарттар жасасу үшін ақша алған. Оларға қатысты РФ Қылмыстық кодексінің «пара алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оларға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау және айып тағу мәселесі шешілуде.

Бұған дейін, 7 қыркүйекте Ленинград облысында Свердлов атындағы кент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Андрей Шорников пара алу ісі бойынша ұсталған болатын.

1 қыркүйекте «Ростех» мемлекеттік корпорациясының бұрынғы топ-менеджері Алла Лалетина жалпы сомасы 66,1 млн рубль көлемінде пара алғаны үшін кінәлі екенін мойындаудан бас тартқаны белгілі болды. Экс-шенеунік аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталуда.

Добавить комментарий