Қытайлықтар Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік қызметкерлердің төрттен бір бөлігін құрайды: ҚР ЕХӘҚМ

ҚР Еңбек министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елімізде жұмыс істеп жүрген шетелдік қызметкерлер арасындағы Қытай азаматтарының үлесі жалпы санның төрттен бір бөлігін құрайды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде жұмыс істейтін шетелдік азаматтардың саны туралы деректі жариялады. Министрліктің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сәйкес, шетелдік жұмысшылар арасында қытайлықтардың жалпы саны басым, бұл ретте шетелдік мамандар санының артқаны байқалады.

Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 702 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл көрсеткіш жаздың басымен салыстырғанда 400-ден астам адамға артты.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 551 рұқсат, құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 751рұқсат. Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші және төртінші санаттарға жатады – тиісінше олар 6 452 және 745 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 970 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 233 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар. Оларда 433,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 181 адам (35%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 919 адам (13%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 340 адам (9%), өңдеу өнеркәсібі – 1 147 адам (8%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 829 адам (6% ). Бір қызығы, Қазақстандағы әрбір төртінші шетелдік қызметкер (25,6%) — Қытай азаматы. Шетелдік жұмысшылар арасында Өзбекстан екінші орында – 2016 адам (14%), Түркия – 1 411 адам (9,5%). Үндістан – 1 391 адам (9,4%),

2023 жылы Қазақстанда шетелдік мамандарды тартуға 22 260 адамға квота белгіленді. Биыл жаздың басында елімізде 14 286 шетелдік азамат еңбек етті.

Добавить комментарий