«Агроуниверситеттің» «Ақылды жылыжайында» астық жинауға дайындалуда

Қазақстандық ғалымдар Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің аумағындағы «Ақылды жылыжайда» бақша өнімдерін егу тәжірибесі туралы айтты. Бұл туралы ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі хабарлады.

«Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруашылығының «Ақылды жылыжай» инновациялық кешенінің аумағы 1 гектарды құрайды. Оның өндірістік қуаты жылына 400-450 тонна көкөніс пен жидекке есептелген.

Бұл жылыжайдың негізгі артықшылықтары: көкөністер мен жидек дақылдарын өсірудің барлық үдерістері цифрландырылған, жылыжай климатын бірқалыпты ұстау, энергияны оңтайлы пайдалану және өсімдіктерді қорғау құралдарын минималды пайдалану жолға қойылған.

Су жаңа оқу-тәжірибелік шаруашылықтың тағы бір артықшылығы – университеттің студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына көкөніс дақылдарын өсіру технологиясын практикада игеруге; жылыжай шаруашылығының «смарт-технологиялары» бойынша ауыл кәсіпкерлері үшін түрлі семинарлар, тренингтер өткізуге мүмкіндік береді.

Жылыжайда ғалымдар мен білім алушылар агротехникалық, ұйымдастыру-шаруашылық және ғылыми жұмыстарды қорғау іс-шаралары бойынша зерттеулер жүргізеді, сондай-ақ көкөніс дақылдарының әртүрлі сорттарының фенологиялық фазаларына мониторингтік қадағалау жасайды.

«Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы» ҒЗИ-ның және  университеттің «Жеміс-көкөніс және жаңғақ шаруашылығы» кафедрасының ғалымдары білім беру бағдарламаларының тәжірибелік құрамдас бөліктерін, сондай-ақ шетелдік сорттарды биотехнологиялық, генетикалық және физиологиялық зерттеу әдістеріне,  сондай-ақ микроклоналды көбею негізде бейімдеу бойынша оңтүстік кореялық әріптестермен  бірлесіп тәжірибелер мен зерттеулерді жүзеге асыруда.

«Ақылды жылыжай» іске қосылған инновациялық жылыжай қарқынды көкөніс шаруашылығына, көкөніс және жидек дақылдарын өңдеу, бәсекеге қабілетті жаңа буын мамандарын даярлау саласында мультипликативті нәтиже беріп, Алматы қаласының тұрғындарын жыл бойы балғын көкөністермен және жидектермен қамтамасыз етуде аймақтың импортқа тәуелділігін төмендетуге ықпал ететініне сенім мол», — деп мәлімдеді ҚазҰАЗУ.

Добавить комментарий