Қытай мен РФ билігі қос ел арасында тығыз ынтымақтастық орнату мәселесін талқылауда

Соңғы бірнеше айдың ішінде ҚХР тарапынан Мәскеуден алшақтау үдерісі байқалды. Қытай төрағасы Си Цзиньпин өз үкіметіне Ресеймен неғұрлым тығыз экономикалық байланыс орнатуды тапсырғаны белгілі болды.

Бұл туралы The Wall Street Journal Бейжіңнің саяси кеңесшілеріне сілтеме жасап жазады.

Басылымның хабарлауынша, Бейжің ресейлік мұнай, газ және ауыл шаруашылығы тауарларының импортын ұлғайтуға, Арктикадағы энергетикалық серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ теміржолдар мен порттар секілді ресейлік инфрақұрылым кәсіпорындарына инвестицияларды ұлғайтуға ниетті.

Жарияланымда Қытай мен Ресей мәмілелерді еуро мен доллармен емес, көбінесе рубльмен және юаньмен жүзеге асыра бастағаны айтылған. Бұл қос елдерді Батыстың ықтимал санкцияларынан қорғауға ықпал етеді.

Сондай-ақ, Мәскеу Си Цзиньпиннің 2023 жылы көктемде Ресейге келу мүмкін екенін мәлімдеді, бұл оның Ресей президентімен 40-шы кездесуі болмақ.

WSJ пікірінше, ҚХР төрағасының Мәскеумен экономикалық ынтымақтастықты тереңдету шешімі 2022 жылдың ақпан айында «сызат түскен» екі мемлекеттің қарым-қатынасында «бұрылыс» болады.

Сонымен қатар, америкалық Stimson Center сараптамалық орталығындағы қытайлық бағдарламаның директоры Юнь Сунь қазір Мәскеу мен Пекин қарым-қатынастарында «Қытайдың үстемдігі артып келе жатқанын» атап өтті.

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші сессиясында Қытай Сыртқы істер министрі Ван И-мен болған кездесуде Тайвань бұғазында тұрақтылыққа шақырып, Украинаға қарсы соғыста Ресейге қолдау көрсететін болса Бейжің үшін салдары болатынын еске салды.

Добавить комментарий