РФ-да cаяси белсенді Гозман тағы 15 тәулікrt қамауға алынды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/09/speech-38505-1663228552-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Мәскеудің Тверь сотында саяси белсенді Леонид Гозманға (РФ-да шетелдік агент деп танылды) қатысты қозғалған әкімшілік материал қаралды.

Ол КСРО мен нацистік Германияның  рөлдерін теңдестіргені туралы іс бойынша 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Ресейдегі ашық ақпарат көздері.

Оның адвокаты Михаил Бирюков саясаткер 2013 жылы «Живой Журналға» жариялаған жазбасы үшін айыпталып отырғанын айтты.

Жақында Гозманның осындай іс бойынша әкімшілік қамаудан босталығаннан кейін тағы да ұсталғаны белгілі болды.

Бұған дейін, 2022 жылғы 30 тамызда Тверь соты оны 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарған болатын.

Ол РФ ӘҚБтК-нің 13.48-бабы 1-бөлігі КСРО мен нацистік Германияның рөлдерін теңдестіру бойынша кінәлі деп танылды

Әкімшілік істі қозғауға Facebook әлеуметтік желісінде (РФ-да экстремистік деп танылған Meta тиесілі) жарияланған жазба негіз болды.

Ресей президенті Владимир Путин 16 сәуірде КСРО мен нацистік Германияның рөлдерін теңдестіргендерге айыппұл салу туралы заңға қол қойды.  Заң бұзған азаматтарға 1-2 мың рубль көлемінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған. Әкiмшiлiк тәртiпті қайта бұзғаны үшiн 2,5 мыңнан 5 мың рубль көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулiкке дейін әкiмшiлiк қамауға алу көзделедi.

Добавить комментарий