Қытай үкіметі Signal құпия мессенджерін бұғаттады

Қытайда шифрлау технологиясын пайдаланушылардың хат алмасуларындағы деректерді қорғау үшін пайдаланатын Signal мессенджері бұғатталды.

Қытайдағы онлайн-цензураны бақылайтын GreatFire.org сайтының мәліметінше, 15 наурызда елде Signal сайты бұғатталды, ал 16-сы күні таңертең құрлықтық Қытайда мессенджердің өзі де жұмысын тоқтатқан.

Бұл ретте, қосымша бұрынғысынша App Store-да қолжетімді және Гонконгта жұмыс істейді. Бұл дегеніміз америкалық компания әлі де өшіру туралы ресми хабарлама алмады деген сөз. Google Play елде қол жетімді емес, ал жергілікті Android қосымшаларында Signal жүктелмейді.

Signal компаниясының танымалдылығы артып келе жатқан соң тыйым салынды деген болжам бар. Sensor Tower компаниясының мәліметінше, шифрланған хабарламаларға арналған қосымша Қытайда шамамен 510 мың рет және бүкіл әлем бойынша 100 миллион рет жүктелді.

Естеріңізге сала кетейік, Signal VPN-ға қосылмаса да қолжетімді Қытайдағы бірнеше Батыс сервистердің бірі болған. Facebook, Twitter және Instagram елде әлдеқашан бұғатталған. Пайдаланушылар WhatsApp құпиялылық саясатының өзгеруіне байланысты Signal және Telegram бағдарламаларын жүктей бастады.

Добавить комментарий