АҚШ-тың федералдық тергеу бюросы Байденнің ұлықтау рәсіміне ультра оңшылдар кірмек болды деп санайды

АҚШ Федералдық тергеу бюросы (ФТБ) ультра оңшыл қозғалысының өкілдері жаңадан сайланған президент Джо Байденнің ұлықтау рәсіміне әскери қызметшілер ретінде кірмек болды деп санайды.

Бюроның мәліметінше, экстремистік топтардың қатысушылары Вашингтонға 20 қаңтарда келген. Ультра оңшылдар ұлықтау рәсіміне Ұлттық гвардияның сарбаздары ретінде кірмекші болды, деп хабарлайды Washington Post.

ФТБ елордаға келуді жоспарлағандардың қатарында 2021 жылдың 6 қаңтарында конгресс ғимаратына шабуыл жасаған жеке адамдар да, топ өкілдері де бар екенін атап өтті. Округтің «осал жерлерінің» карталары Интернетте таратылды. Соған қарамастан, Бюроның ұлықтау рәсіміне кедергі жасау мақсатында әзірленіп жатқан астыртын әрекет туралы дәйекті ақпарат жоқ.

Вашингтондағы ұлықтау рәсімі қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, конгресс пен Ақ үйдің маңындағы қала орталығының бір бөлігінде автокөліктерге арналған жол жабылды, сондай-ақ қоршауға алынған Капитолийге кіру мүмкіндігі жабылды.

Федералдық тергеу бюросының бұрынғы директоры Джеймс Коми АҚШ-тың қауіпсіздік күштері АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байденнің алдағы ұлықтау рәсімінде саясаткердің қарулы қарсыластарының ықтимал қауіп-қатерлерін ескеруі қажет деп мәлімдеді. Сонымен қатар, Коми арнайы қызметтердің 2021 жылғы 6 қаңтардағы іс-әрекетіне наразы болды.

Добавить комментарий