Қытай екпе салдыру қарқыны бойынша көш бастап тұр

Қытайда екпе салдырған адамдардың саны бір миллиард адамға жақындап қалды.

Сәрсенбі күнгі жағдай бойынша Қытайда 945 млн-нан астам доза екпе салынды — бұл Құрама Штаттармен салыстырғанда үш есе артық және бүкіл әлем бойынша 2,5 млрд екпенің 40 пайызға жуығы салынды. Қытай алғашқы бір миллион вакцинаны 27 наурызда — АҚШ-тан екі апта кеш алды.

Алайда, Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының мәліметінше, мамыр айында вакцинация қарқыны айтарлықтай жылдамдады, Соңғы бір айда 500 млн-нан астам екпе салдырды. Ал сейсенбі күні 20 млн-нан астам доза егілді. Осындай қарқынмен демалыс күндері жалпы саны 1 миллиард дозадан асуы мүмкін.

1,4 млрд тұрғыны бар ел үшін COVID-19 қарсы вакцинация — ауқымды шара. Қытайда коронавирустың таралуын сәтті тежегені көптеген тұрғындар алғашында вакциналаудың шұғыл шара екенін сезінген жоқ. Отандық вакцинаның қауіпсіздігіне байланысты жанжалдар да халық арасында қызу талқыланды. Бірақ таяуда ғана Аньхой және Ляонин солтүстік провинцияларында, сондай-ақ оңтүстіктегі Гуандун провинциясында індет өршігенде, коронавирустан қауптеніп, халықты вакцина салдыруға мәжбүр етті. Бас эпидемиолог және үкіметтің кеңесшісі Чжун Наньшань Қытай осы айдың соңына дейін өз халқының 40 пайызын толық вакциналауға және жыл соңына қарай бұл пайызды екі есеге арттыруға ұмтылатынын айтты. Халық саны көп болғаны үшін, Қытай 100 адамға шаққанда АҚШ пен Ұлыбритания сияқты елдерден әлі де артта.

Добавить комментарий