Мысырда жалғыз қалған жасөспірім сараптама нәтижесін күтіп отыр

Коронавирус жұқтырып алғандықтан Мысырда жалғыз қалған 17 жасар жасөспірім барлық қажетті ем-шараларын қабылдап жатыр.

Қабылдаушы елдің билігі медициналық сақтандырудың аяқталғанына қарамастан жасөспірімді емдеуді, тамақтануды және оның қонақ үйде болуын толық қамтамасыз етіп жатыр.

ҚР СІМ хабарлағандай, жасөспірім емін аяқтады және ПТР-тестінің нәтижесі теріс шығатын болса елге оралады.

Жасөспірімнің отбасы Қазақстанға оралуға мәжбүр болды, ал ол бір аптадан бері қонақ үй жалғыз тұрып келеді. ҚР Сыртқы істер министрлігі әуе компанияларымен баланы қайтару туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

«Мысыр елі толықтай қызмет көрсетуді, тұруды, тамақтануды өз мойнына алды. Оның медициналық сақтандыруы аяқталғанына қарамастан, олар барлық қолдауды көрсетіп жатыр — дәрігер бақылауында, себебі тест нәтижесі оң шыққандықтан, ауру белгілері пайда болуы мүмкін. Олар оған дәрі-дәрмек беріп отыр, бәрі жақсы», — деді туроператор Валерия Топольняк.

СІМ кеше, 6 сәуір күні жас жігіт коронавирусқа тағы бір тест тапсырғанын забарлады. Егер нәтижесі теріс шықса, алдағы күндері жасөспірім үйіне қайта алады.

«Баланың жағдайы жақсы, бүгін ол қайтадан тест тапсырды, нәтижесін күтіп отырмыз. Егер нәтижесі жақсы шықса, ертең немесе арғы күні ол үйіне қайтады. Қазір бұл нұсқаны біз туроператорлар мен әуе компанияларымен бірге қарастырып жатырмыз. Біз ата-аналарынсыз арнайы сенімхат арқылы жалғыз жіберу мәселесін пысықтап жатырмыз», — деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сонымен қатар, туроператорлар үкіметке туристер үшін ПТР тестілерін ұшып келгеннен кейін тапсыруға рұқсат беруді сұрады. Сонда ғана мұндай жағдайларды алдын алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның төрт адамдық отбасы Мысырдан ұшар алдында ПТР тестін тапсырған. Үшеуінде теріс, ал үлкен ұлында оң нәтиже шыққандықтан, баланы қонақ үйде жалғыз қалдыруға тура келген.

Добавить комментарий