Қысқы демалыстың ұзаққа созылуы оқу жылының ұзақтығына қалай әсер етеді

Білім министрлігінің қызметкері Қазақстанда қысқы демалыстың ұзаққа созылуына байланысты оқу жылы ұзартыла ма деген сұраққа жауап берді.

«Бүгінгі таңда үшінші тоқсан 17 қаңтарда басталады деген шешім қабылданды. Бұл еліміз бойынша, соның ішінде әрбір аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына байланысты шешім қабылданатын болады. Оқу жылының ұзартылатынын немесе ұзартылмайты жайлы айтуға әлі ерте деп ойлаймын. Бірақ бұл жайлы ақпаратты міндетті түрде кейінірек жариялаймыз. Күн сайын сырқаттанушылық бойынша талдау жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлады БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Бұған дейін БҒМ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында оқушылар қашықтықтан оқитынын айтқан болатын. Оқушы саны 600-ден аз мектептер, соның ішінде ауылдық мектептер штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Студенттер көктемгі семестрде аралас форматта оқиды.

Добавить комментарий