Мешітте жамағатпен намаз оқығанда таска тақпаса болады

Қазақстанда мешітте жамағатпен намаз оқығанда маска тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау міндетін көздейтін карантиндік шектеулер алынып тасталды.

Әлеуметтік қашықтықты сақтау талабы да алынып тасталды.

Мешіттерде тарауых намазын оқу кезінде маска тағу міндетті емес, деп хабарлады ҚР ҚМДБ төрағасының орынбасары, мүфти басшысы Ершат қажы Оңғар.

«Қазір карантин талаптары жеңілдеді, бірқатар шектеу шаралары алынып тасталды. Сондықтан тарауых намазын оқу кезінде маска тағу әркімнің өз еркінде», — деді нәйб мүфти Ершат қажы Оңғар ОКҚ-да өткен брифингте.

Сонымен қатар, мешітте екі метрлік міндетті әлеуметтік қашықтық сақтау алынып тасталғанын айтты.

Сондай-ақ, Ершат қажы Оңғар коронавирусқа қарсы ревакцинация оразаны бұзбайтынын айтты.

Тарауих намазы — Рамазан айында құптан намазынан кейін жамағат болып оқитын намаз.

Добавить комментарий