Қырғызстан милициясы жоғалып кеткен қазақстандықты тапты

Қырғызстан милициясы 2 сәуірде хабар-ошарсыз жоғалып кеткен қазақстандықты тапқанын мәлімдеді. Ол үйінен шығып, қайтып оралмаған.

Тәртіп сақшылары Бішкекте жоғалып кеткен Қазақстан азаматын тапты, деп хабарлайды 13 сәуірде Ленин аудандық ІІБ баспасөз қызметі.

36 жастағы Болат Алматыдан анасымен бірге келген. Ол 2 сәуірде күндіз Ош базары ауданында жоғалып кетті. Анасы ұлы ІІ топтағы мүгедек болғандықтан, милицияға жүгінген.

Лениндік ІІБ мен Сокулук ІІБД қызметкерлері ер адамды тапты.

Добавить комментарий