Қырғызстан милициясы Қазақстандық қылмыскерді ұстады

Қазақстанда халықаралық іздеуде болған есірткі өндірушіні жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қырғызстанның көліктегі ішкі істер басқармасының (КІІБ) қызметкерлері ұстады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Белгіленген деректер бойынша ТМД елдерінің бірінің азаматы болып табылатын 1970 жылы дүниеге келген Б.Ш. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 және 286-баптары бойынша есірткі қылмыстары үшін мемлекетаралық іздеуде болды.

Іздеуде болған азамат Б.Ш Шу облысы Ысық-Ата ауданының аумағында жасырынған. Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ге қамалды.

Добавить комментарий