Алматы, Шымкент, Өскемен және Бішкекте есірткі индикатына қатысушыларды ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Қырғызстанның құқық қорғау органдарымен бірлесе іс-әрекет етіп, Орталық Азия елдеріне арналған заңсыз есірткі өндірісімен айналысатын халықаралық есірткі синдикатының жолын кесу бойынша арнайы операцияны жүзеге асырды.
Алматы қаласында «альфа-PVP» есірткі затының 17.7 келісін тасымалдаған төрт қылмыскер тұтқындалды. Ұсталғандардың бірінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша психотроптық заттарды өндіретін жерасты зертхана табылды. Жауап алу барысында сатушылар есірткі контрабандалық жолмен Қырғызстанға жіберуге, сондай-ақ Шымкент және Өскемен қалаларында сатуға арналғанын айтты.
Тұтқындалған азаматтардың айғақтары негізінде Бішкекте есірткі қылмысына қатысты топтың тағы үш мүшесі — Қырғызстан азаматтары қылмыс үстінде ұсталды. Олар жасырын жерден үш келі психотроптық затты алып жатқан.
ҰҚК хабарлауынша, Өскемен және Шымкент қалаларындағы бірмезгілде 3 есірткі курьерінің ұсталды. Жалпы есірткі қылмысына қатысы бар 10 адам ұсталып, ірі есірткі лабораториясының жұмысы тоқтатылды.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 22.7 келіні құрады