Оқушы есірткі таратқаны үшін 7 жылға сотталды

Оралда есірткі таратқан деген айыппен оқушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Орал қаласында тәртіп сақшылары темір жол вокзалы маңында есірткі жасырған екі жасөспірімді ұстады.

Осы жылдың 2 наурызында Орал станциясының маңын тексеру кезінде 15 жастағы жасөспірім мен оның 19 жастағы танысы ұсталды. Олардың оралған ұнтақты затты ағаш бұтақтарына жасырғандығы анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, ұсталғандардан алынған зат психотроптық зат болып шықты және оның жалпы салмағы 11 грамды құрады. Ұсталғандар ”өз қызметін” Telegram арналардың бірі арқылы жүргізген.

Аталған факті бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімі ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тергеу жүргізді.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 19 жастағы сотталушыға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ал оның 15 жастағы сыбайласы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Добавить комментарий