VII шақырылымның Мәжіліс депутаттары ОСК-ға тіркелді

Орталық сайлау комиссиясы VII шақырылым

да Парламент Мәжілісіне сайланған депутаттарды тіркеді. Бүгін оларға куәліктер мен төсбелгілер табыс етілді. Орталық сайлау комиссиясында жиын өтті, қаулы қабылданып, 107 депутатты тіркеді.

Оның ішінде: Nur Otan партиясының партиялық тізімі бойынша — 76 адам; AQ JOL Қазақстан Демократиялық партиясы — 12; Қазақстан Халық партиясы — 10 депутат; сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған — 9 адам.

Анастасия Щегорцова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

«AQ JOL, Nur Otan және Қазақстан Халық партиясы саяси партияларының тиісті құжаттары ОСК комиссиясына осы жылы 12 және 13 қаңтарда ұсынылды. Сондай-ақ, сайлау заңнамасының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық сайлау комиссиясына ҚХА сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша хаттамалар ұсынылды. Сайлау заңнамасына сәйкес ОСК әрбір депутатқа өзі белгілеген үлгідегі куәлік пен төсбелгіні береді».

Добавить комментарий